Мәңгілік полк

Ақтау қаласы әкімдігі 9 Мамыр – Ұлы жеңіс күніне орай Ақтау қаласында өтетін «Мәңгілік полк» шеруіне қатысушыларды тіркелуге шақырды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

«Шара өтетін аумақты адам санымен жоспарлау және жеңіс күніне арнайы тарататын қазақстандық лентаға тапсырыс санын анықтау мақсатында қатысушыларды төменгі сілтеме бойынша тіркелуін сұраймыз», — делінген Ақтау қаласы әкімдігі таратқан ақпаратта.

Тұрғындар мына сілтемеге өтіп тіркеле алады.

Айта кетелік, Ақтау қаласында «Мәңгілік полк» шеруі 9 мамыр күні сағат 9:30-да басталады. Қатысушылар 7 шағынаудандағы №1 емхананың жанынан басталып орталық көшемен жүріп өтеді. «Мәңгілік полк» Отан үшін отқа оранып, жанын құрбан еткен қаһармандардың ерлігі мен бейнесі халқының жадында мәңгі сақталатынын көрсететін шеру. Жыл сайын ұйымдастырылатын шеруге жеңіс үшін соғысқан жауынгерлердің балалары, немере-шөберелері қатысады.