Қазір елімізде Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.Ұлт жоспарының негізіне бес институционалдық форма кіреді.атап айтқанда:кәсіби мемлекеттік аппарат құру,заңның үстамдігін қамтамасыз ету,индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік және бірлік,есеп беретін мемлекеттік қызметке қабылдау дүстүрін жаңғырту  қарастырылған.

Мәселен,мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақысы қызметінің нәтежесіне қарай өсіп отырады. Еңбекақыны нәтеже бойынша төлеуге көшу тәртібі енгізіледі.Мемлекеттік қызметкер үшін – жеке жылдық жоспарды орындау ;Үкімет мүшелері үшін – интегралдық макроэкономикалық индикатор есепке алынбақ.Сондай-ақ,мемлекттік қызметі ашық және бәсекеге қабілетті ету үшін шетелдік менеджер,жеке меншік сектордың жекелеген маманы,халықаралық ұйымның  қызметшісі болып табылатын еліміздің азаматы мемлекттік қызметке жіберіледі.Үшіншіден,мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексі жасалады.Әдеп мәселесі  жөніндегі  уәкілеті өкіл лауазымы енгізіледі.Осылардың барлығы”Мемлекетік қызмет  туралы” жаңа заңнанкөрініс тауып отыр.

   Ұлт жоспарында,сондай-ақ,судялардың есеп беру тәртібін күшейту:судьялардың жаңа Этикалық кодексін жасау және т.б.мәселелер қамтылған.Судьялардың барысында ғана емес,қоғамда,ортада өзін-өзі  ұстауына бағдар болар Әдеп кодексі биыл кезектен тыс өткізілгелі отырған республика судьяларының 7 съезінде талқыланып, қабылданбақ.

 

               Аида Аташева,

                                                  Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы