Қоршаған ортаны дүниежүзілік қорғау күніне орай өткен салтанатты шарада өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосқан экологтар құрметке бөленді.

Салтанатты шарада Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орынбасар Тоқжанов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

 

ФМ-Табиғат қорғаушылары құрметтелді-100 жол (2)
– Қазіргі таңда адамзаттың алдында тұрған екі мәселе бар. Біреуі адамзат қоғамын дұрыс басқара білу болса, екіншісі – табиғат ресурстарын тиімді пайдалану. Сіздер табиғатты тиімді пайдалану жолында тер төгіп, қоршаған ортаны қорғаумен айналысып келе жатқан мамансыздар. Еселі еңбектеріңіз табысты, ел дамуына қосар үлестеріңіз мол болғай. Мереке құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Мереке қарсаңында Энергетика министрі Қ.Бозымбаев облыстың табиғат қорғау прокуроры О.Сүтбаев пен «Қызылсай» мемлекеттік табиғи паркінің директоры Қ.Аққұловқа «Қазақстан Республикасының экология саласының үздігі» төсбелгісін табыстады. Қоршаған ортаны қорғау саласының үздіктерін әріптестердің атынан құттықтаймыз, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орынбасар Тоқжанов.

 

 

ФМ-Табиғат қорғаушылары құрметтелді-100 жол (7)
Мерекеде қоршаған ортаны қорғауда белсенді және табысты жұмысы, жоғары кәсіби біліктілігі үшін Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен бір топ сала қызметкері марапатталды.

ФМ-Табиғат қорғаушылары құрметтелді-100 жол (8)
–Біздің серіктестік құм сілемдерін шөп жамылғыларымен қалпына келтіруге жұмыстанып келеді. Сенек, Ұштаған, Тұщықұдық, Шебір ауылдарына сексеуіл, жүзген егеміз. Биыл Сенек селосына 100 га. аумаққа осындай ағаш көшеттерін отырғыздық. Қазіргі таңда осы ауылдарда құм көшкінін тоқтату бағытында жасалған жұмыстардың нәтижесінде 2610 гектар сексеуіл мен жүзген ағаштары өсіп тұр. Маңғыстау мен Қарақия ауданынан 76 тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын алдым, қуаныштымын. Әріптестерімді төл мерекемен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, жұмысына жеміс тілеймін, –деді «Жасыл әлем Маңғыстау» ЖШС директоры Қошқарбай Мәтіков.
Қоршаған ортаны дүниежүзілік қорғау күніне орай өткен сенбі күні «Біз таза жер үшін» акциясы өтті. Акция аясында қала, аудан мен ауылдарда сенбілік ұйымдастырылып, тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН