төтенше жағдайлар департаменті

Жақында Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің залында жеке құрам мен ардагерлерге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлыққа қол қойғаны жеткізілді.

— Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласында: «Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім. Бұл—сол кезден барлық салаларда біз латын қарпіне көшуді бастаймыз деген сөз. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», — деген болатын. Осылайша ол тіл мәселесіне басты көңіл бөліп: «Біз 2025 жылдан бастап әліппені латынға, латын әліппесіне көшуді бастауымыз қажет. Бұл ұлтың өзі үшін шешетін түбегейлі мәселе. Тарихта біз бұндай қадамдар жасадық. Біздің балаларымыздың болашағы үшін біз бұндай шешімді қабылдауымыз қажет. Бұл біздің әлеммен ықпалдасуымызға, біздің балаларымыздың ағылшын тілін және ғаламторды тез меңгеруге жағдай жасайды. Біз қазақ тілін жаңғыртуымыз қажет. Тілді бүгінгі заманға сай қылу керек, термин сұрақтарын бірыңғайлап, дүниежүзілік және шетел сөйлемдерін қазақ тіліне аударуды бұратала шешу», — дегенін білеміз. Жаңа әліпбиге көшудегі басты мақсат–қазақ тілінің әлеуетін арттыру, осы заманға бейімдеу. Ал біздің қазіргі бірінші міндетіміз — осынау жаңалықты қолдап, латын әліпбиін үйрену,-деді жиналысты жүргізіп отырған департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының басшысы Гүлнара Ходжабекова.

Басқосуға жиналғандар латын әліпбиінің қабылдануын қолдайтындарын айтып, бұл тұрғыда өз ойларын ортаға салды.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

Тағы оқыңыздар: «Керуен» көрме-жәрмеңкесі Жаңаөзенге келді