Бейнеу аудандық және Маңғыстау облыстық полиция қызметкерлері бірлесе өткізген «Өрмек» арнайы жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Бейнеу селосындағы 1976 жылы туылған, уақытша жұмыссыз азаматтың үйінен 8 келіге жуық есірткі мен екі атыс қаруы тәркіленді.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «К» есімді азаматтың гаражынан ішіне марихуанаға ұқсас айрықша иісі бар шөп салынған 5 литрлік бөтелке, 1 дана шарқалта мен 50 келілік қап пен электронды таразы табылған.

Ал, мал қорадан ішіне марихуанаға ұқсас айрықша иісі бар шөп салынған 3 дана 5 литрлік, 1 дана 1 литрлік және 1 дана 0,5 литрлік бөтелке жерге қазып жасырылған жерінен табылған.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы алынған заттардың салмағы 7 келі 251,23 гр. марихуана және 570,46 гр. гашиш екенін анықтады.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі аталған азаматтың үйінен тіркеуге алынбаған екі ауызды ұңғылы 5,6 калибрлі және 28 калибрлі атыс қаруы анықталып тәркіленгенін хабарлады.

Қазірі уақытта сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалған. «К» есімді азаматтың үстінен  ҚР ҚК-нің 296- б. 4- б. және ҚР ҚК-нің 287- б. 3- б. Бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде.

К. ОҢҒАЛТАЙ

Сурет ғаламтордан алынды