Шақпақ ата

Маңғыстаулықтар үшін киелі жерлерге зиярат ету, Алладан дұға-тілек тілеу маңызды саналады. Тұрмыстық өмір мен қарыштап дамып жатқан  жаһанданудан бір сәт алыстап, рухани демалу үшін, өмірдің өткінші екендігін түйсініп, шүкірлік ету үшін өлке халқы мен қонақтары әдейілеп жер асты мешіттерге барады.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Әрбір тарихи мәдени ескерткіштер-ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады» дейді. Мемлекет басшысының рухани жаңғыру жөніндегі бастамасына сай тарихи ескерткіштердің, киелі орындардың мән-маңызы зерттеліп жатыр. Маңғыстау десе, Бекет ата, Шопан ата мешіттері еске түседі, көпшілік естіп жүрсе де, жете білмейтін Шопан ата, Қараман ата, Сұлтан үпі сияқты мешіттер көп.Ел аузында  «362 әулиелі  Маңғыстау» деп текке айтылмаса керек.

Сонымен, бүгін Маңғыстау жерасты мешіттерінің аса көркем үлгісі саналатын Шақпақ ата мешіті туралы  тарқатып айтатын боламыз.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Сәті түсіп, Маңғыстауға қыдырып келсеңіз, Шақпақ ата мекеніне саяхат жасаңыз.

Ел аузында сақталған аңызға қарағанда, Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген, өзінің жерасты мешітінде шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан әулие адам болған. Шақпақ ата аталуының себебі, ол кісі тырнақтарын бір-біріне жанастырғанда, арасынан от шығатын болған.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

«Бірде Шақпақ ата бір ауыл жанынан өтіп бара жатып, күйеуі әйелін ұрып жатқанына еріксіз куәгер болады. Шақпақ ата сорлы әйелдің сөзін сөйлеп, құтқарып алады. Алғыс орнына әйел Шақпақ атаға еріп жүреді. Олар тоқтаған тіршіліксіз жерде жер астынан қайнар бұлақ көздері ашылып, жауын жауа бастаған екен». Содан бері адамдар сол жерге өз қайғы-қасіретіне ем табу үшін үміт артып келеді екен. Бұл киелі жерде болмаған және уақыт пен шексіздік белгісі бар тастарды өз қолымен ұстауды армандамайтын пенде жоқ десек болады.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Маңғыстаудың батысындағы Түпқараған ауданында Шақпақ ата жерасты мешіті орналасқан. Мешіт Таушық елдімекенінен 40 шақырым жерде солтүстік-батыс бағытында, Сарытас шығанағына таяу Оңғазы тауының етегінде салынған.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Оңғазы тауының жартасынан жасанды үңгір секілді ойылып салынған ғимарат.

Шақпақ ата жер асты мешіті тау борлы жартаста салынған.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Маңғыстаудағы киелі орындарға оң аяқпен аттап кіру әдетке айналған. Бала күнімізден көргеніміз, үлкендер Ассалаумағалейкум деп жерленген адамдарға амандаса кірсе, келіндер сәлем салып жатады. Бұл да бір жазылмайтын заңдылық іспетті.

Мешітке кірсеңіз, даладағы қапырық ыстық немесе салқын аязды ұмытасыз. Мұнда температура бірқалыпты. Ауасы саф таза, тып-тыныш жайлы жер.  Қымқуыт тірліктен, дүниелік-пенделік ойлардан ада болу үшін мұнда көп мұсылман келіп дұға-тілегін айтып, намазын оқиды.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Мешіт дүние жүзінің төрт жағына бағытталған, ізбес жартаста салынған, капительдері бар төрт бағанаға ие болған крест-күмбездік ғибадатхананың өзіндік нұсқасы болып, төрт камерадан құрылған.

Құрылыстың күмбезі киіз үй құрылысына ұқсатылған, ал оның орталығында дөңгелек терезесі тесіліп шығарылған.

Тасқа қашап оюды қарап, көшпенді өнерінің анық үлгісі болатын дәлелдер бар.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Үңгірге кіру есігі бетше босағалық доға тәрізді, және оның жанында көне шебер өз қолымен қайтыс болған дін уағыздаушыларды жерлеу үшін бірнеше кең текшелер тескен.

Байқасаңыз, тас үңгірде бірнеше бөлме бар.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО) Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Залдың негізгі бөлмесі күмбезді тірейтін шомбал бағаналармен  қапталыпты Күмбездің орталық бөлігінде зермен безендірілген жарық құдығы бар.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)Мешіттің батыс қанатында мехрап текшесі (құбыла бағытын анықтаушы) және дуаналардың жалғыз қалатын шағын жеке бөлмелері бар.

Мешіт жайларының және бетше босағаның, сонымен қатар жерлеуге арналған текшелердің қабырғалары түрлі уақыттың жазуларымен, жылқының, салт аттылардың, бұқалардың, ашылған алақандардың, өсімдік өрнектерінің пішіндік бейнелерімен  толтырылыпты.

Жазулар арасында осы дүниенің өткінші  екендігі жайында сопының өлеңі ерекшеленеді. Алақандардың жартастағы бейнелері өзгеше көрініп тұрады.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Осы үңгірде жасырынған сопылар едеу құпияларын қолданған. Олар осында келген адамдарға аурудан құтылу үшін көмектесіп жүрді. Сол үшін олар ауырған адамды үңгірде бір түнге қалдырған. Бір түннің ішінде ауырған адамның басына берекелі рух келіп, ақырында міндетті түрде науқас адам аурудан аман қалады. Қазіргі кезде де адамдар осы жерге сырқаттан жазылу үшін үміт артып келеді. Археологтардың айтуынша, мешіт IХ-Х ғғ.салынған. Оған жау шапқыншылықтары кезінде шәкірттері мен бірге Шақпақ атаның есімі берілген. Өмірдің соңғы жылдары ол сопы болып, жер асты тұрағынан шықпаған.

Көне аңыз бойынша, Шақпақ ата – мешіттің негізін салушы адамның есімі емес, оған жауға қарсы ұрыстардағы берілген лақап аты: шайқастарда оның қаруынан шақпақтан сияқты от шыққан.

Тарихи жазба деректерге Шопан атаның екі ұлы болған: Шахрух ата (Шағырақ) және Исан ата. Шахрухтың да екі ұлы болған: Қапаш ата (Қапан ата) және тастан отты оңай шығару, жауды отпен күлге айналдыру қабілетіне ие болғаны үшін Шақпақ ата деп аталған Шахмардан. Соған қарағанда, тарихи тұлға ретінде Шопан атаның немересі болып келеді. Мешіттің негізін салушы адамның шын есімін айтсақ, көп ғалымдардың пікірінше, бұл – Шахмардан Кейбір ғалымдардың айтуынша, аңыздарда Шақпақ ата жыландардың әміршісі болып, өлген адамдардың сүйеушісі деп кездеседі.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО) Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)Ал сопының өмір сүрген жылдары бойынша зерттеушілердің пікірлері әрқилы: академик А.Г. Медоевтың айтуынша, Шақпақ ата IX ғасырда өмір сүрген. Бартольдтың пікірінше, сопы 1312-1342 жылдары  (XIV ғ.) билік еткен Өзбек ханның тұсында өмір сүрген. Шақпақ ата Қожа Ахмет Яссауидің ізбасары, 362 әулиенің бірі болған деседі.

Жартастағы мешітке кіру есігінің екі жағында, үңгір-жерлеу орындары соғылып жасалыпты. Болжам бойынша, онда Шақпақ атаның шәкірттері  мен оның жақын адамдары жерленген.

Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

Шақпақ ата нақты қайда жерленгені белгісіз. Бұл барлық жерлеу орындарына ерекше ықыласпен қарауға мәжбүр етеді…

Шақпақ ата мешіті – біздің уақытымызға дейін жақсы деңгейде сақталып, жеткен діни сәулет өнерінің бірегей ескерткіші болып саналады. Қазіргі кезде Шақпақ ата мешітін ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұраның тізіміне қосу жайындағы мүмкіндік қарастырылуда. Х-ХV ғасырларының сәулет ескерткішіне жатады.

Тақырыпқа тұздық:

Туристердің қызығушылығы артады 

Нұрлан ҚұлбайНұрлан Құлбаев, «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мекемесінің  директоры:

— «Шақпақ ата» ескерткішіне маңғыстаулықтардың ілтипат-ниеті жақсы, күніне орта есеппен 10-15 адам зияраттап келеді. «Шақпақ ата» тарихи-сәулет ескерткіші, әрі киелі орын саналатындықтан, өз құндылығын жоғалтпайды. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының «Рухани қазына» бағдарламасы аясында Маңғыстаудағы жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралары тізіміне енгізу жобасы ұсынылып отыр. Жоба сәтті жүзеге асырылған жағдайда, ескерткішке әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен туристердің сұранысы артатыны анық.

  Шақпақ ата әулиесінің энергетикасы әдемі 

Бекболат Төлегенұлы, геолог, өлкетанушы :Шақпақ ата мешітінің тылсым сыры (ФОТО)

—   «Шақпақ ата» мешіті облыста, сондай-ақ жақын орналасқан Маңғыстау, Түпқараған аудандарының тұрғындары арасында кең танымал. Бір жағынан, Ержан хазірет секілді дін жолындағы белгілі тұлға жерленген, жергілікті халықтардың да ата-бабалары жатқан қорым. Соңғы кездері туристік потенциалды көтеру мақсатында пайдалы өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ғылыми тұрғыдан айтсақ, археологиялық жағынан да, тарихи жағынан да бірнеше кезеңді қамтитын маңызы зор кешен. Сондай-ақ, бұл жердің табиғаты сұлу, энергетикасы әдемі, барған адам күш жинап, демалып қайтады.  Бірақ, киелі жерлерді орынсыз жарнамалай беруге қарсымын. Қанша дегенмен, бұл жерлерде дүниеден өткен қасиетімен танылған белгілі тұлғалар жерленген. Әулие жерлерге рухани азық жинау үшін емес, жай суретке түсіп, жын-ойнақ үшін келетіндердің іс-әрекеті этикетке жатпайды. Тек «Шақпақ атаға» қатысты емес, зиярат ету, ғибадат ету орындарына келген азаматтарге арнайы тәртіп керек. Туристерді тарту осы екен деп, ашық-шашық, дәретсіз келіп, жөнсіз суретке түсіру беру дұрыс емес. Бұл жерленген кісілерге деген құрметсіздік. Шетелдік азаматтар түгілі, өз қазағымыз қарапайым дәрет алудың үлгісін біле бермейді. Мешітте садақа берудің, ғибадат етудің өзіндік тәртібі, ережесі бар.

Шақпақ ата туралы айтылып жүр ғой, бірақ бұған дейін де шақпақ тастар адамзаттың тас дәуірінен бері осы мекенде қоныстанғандығын дәлелдейді. Сол уақытта тастар адамзат тарихын жаңа сатыға көтерген ең негізгі материал болды. Әр түрлі қару-жарақтар жасап, тастың табиғи кен орындарын игеру мақсатында  халық осында келіп тұрған.

Айгүл ДӘДЕН

Суреттер «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорынан» алынды

Тағы оқыңыздар: Ақтауда 6 күнге ыстық су тоқтайды