Ақтау қаласында «Қазпочта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының 6 жаңғыртылған жаңа пошта байланысы бөлімшесі ашылды. Бөлімше 8-шағынауданда «Рахат» сауда үйіне қарама-қарсы маңда орналасқан. Күрделі жөндеуден өтіп, заманауи  технологиялық құрал-жабдықтармен қамтылған жаңғыртылған пошта байланысы бөлімшесі бірыңғай электрондық кезек жүйесі, бейнебақылау және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықталған. Пошта байланысы бөлімшесі тәуліктік жұмыс істейді: қаржы қызметтері бойынша — банкоматтар, төлем терминалдары, ал пошта бойынша — абонементтік жәшіктер қызмет етеді. Сонымен қоса бөлімшеде  тұрғындарға «EMS — Kazpost»  және «Банк Хоум Кредит»  банкі қызмет көрсетеді.

«Жаңа бөлімшелердің ашылуы тұрғындарға жедел әрі сапалы пошта және қаржы саласы юойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Тығыз жүктемені азайтады. Биыл қазан айында «Мағаш» базары жанынан жаңа пошта бөлімшесын, Ақтау қаласынан екі сәлемдеме супермаркетін және Маңғыстау ауданында сәлемдеме минимаркетін  ашуды жоспарлап отырмыз. Халықтың қалауын ескере отырып, сапалы қызмет көрсетуге барымызды саламыз»,-дейді «Қазпочта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Н.Т.Хамзин.

Голрох Жеменей