Маңғыстау облыстық прокуратурасының қолдауымен облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының «Таза аймақ» жобасын жүзеге асыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қарақия аудандық прокуратурасы мен жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының, үкіметтік емес кәсіпорындардың қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылған болатын.

Аудан аумақтарын және қоғамдық орындарды қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтардан тазарту, оның алдын алу және азаматтар арасында тазалықты сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында  өткізілген «Таза аймақ» жобасы бойынша аудан, ауыл әкімшілігі бас болып барлық бөлімдер мен мекемелердің қызметкерлері жеке кәсіпорындар бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізді. Өткен сенбі күндері ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына аудан бойынша, 7 ауыл әкімшілігі, дербес бөлім, мекеме қызметкерлері және «Ерсай» ЖШС, «Теңіз сервис» ЖШС, «Маңғыстау тазалық» ЖШС, «Тұрмыс-Сервис» МКК бойынша, 1096 адам, 20 техника жұмылдырылып, нәтижесінде,  238 тонна күл- қоқыс жиналып, тиеліп, төгілді. Аудандық прокуратураның бастамасын әкімшілік қолдап, жаппай сенбілік ұйымдастыруының нәтижесінде,ауыл-аймақ айналасы  күл-қоқыстан біршама арылып, теңіз жағажайы да бір серпіліп қалды.Алайда, айналаның тазалығы бір- екі сенбілікпен өлшенбейді, әрине. Тазалық әрқашан жинақылықты, белсенділікті талап етеді. Қоршаған ортамызды қорғап, тазалықты сақтайық, ағайын!

 Шынар КЕНДІН

Жаппай тазалыққа шықты