4 қазан 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай оқытушылардың ашық сабақтарына талдау жасау, сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуын және оқыту құрылымы мен әдістерін көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануын, сабақты өткізу шеберлігін анықтау мақсатында «Үздік маман» облыстық ашық сабақтар байқауы өтті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынанда байқау 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде колледжде өткен ашық сабақтар байқауынан жеңімпаз атанған 13 оқытушы екінші кезең облыстық шеберлік сыныбына келіп қатысты.

Облыстық байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде — Бейнеу политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы –  Абенова Жазгул Сауирбаевна;

1 орын — Каспий өңірі «Болашақ» колледжіінің физика пәнінің оқытушысы Конырова Рзагул Жолболдиевна;

2 орын — Маңғыстау гуманитарлық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы Калиева Салтанат Абужаровна;

3 орын — Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің арнайы пән оқытушысы Салқынбаева Фатима Давитбаевна;

«Үздік ізденіс сабағы» номинациясы-Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мендеева Сәнімгүл Амантайқызы;

«Үздік құрылымдалған сабақ» номинациясы- Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің психология пәнінің оқытушысы – Жумагазина Акмарал Аманжоловна.

Кабира Джантекеева
Маңғыстау облыстық техникалық және  кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік
кабинеті директорының міндетін атқарушы