Бүгін, 5 шілде күні Мұнайлы ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Ғимарат 160 адамға шақтап салынған, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. 

«Елорда күні» мерекесі аясында өткізілген шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қатысты.

Мұнайлыда дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

«Бүгін Мұнайлы ауданының спорт өмірінде айрықша күн. Өйткені ауданнан алғаш рет осындай зәулім кешен ашылуда. Алдағы уақытта осы спорт алаңында жаттыққан жасөспірімдер арасынан болашақ чемпиондар шығатынына сенімдімін. Біз дарынды балалардың кәсіби спортпен айналысып, ойдағыдай дайындықтардан өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Жеңіс жолындағы жалынды жігерлеріңізге жарқын жетістік тілей отырып, барлық жарыстар мен сайыстарда абырой биігінен көрініңіздер», — деп аймақ басшысы өзінің жылы лебізін білдірді.

Мұнайлыда дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді

Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында бой көтерген спорт кешені «Норд Каспиан Оперейтинг Компани» мекемесінің қолдауымен салынған. Жобаның жалпы құны — 466,187 млн. теңге.

Айта кетейік, спорт кешеннің құрылыс жұмыстары 2018 жылдың мамыр айында басталған еді.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттерді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды