Түркі академиясының президенті
Сурет akorda.kz алынған

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық Түркі академиясының қазіргі қызметі және алдағы жұмыс жоспары туралы мәлімделді, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Дархан Қыдырәлі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің отырысында берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті, сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалалардың негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, Д.Қыдырәлі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің тарихына және тәуелсіз Қазақстанның дамуына арналған бірнеше кітап пен туындыны таныстырды.