Кім мықты?

Жуырда Мұнайлы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай  мемлекеттік қызметкерлер арасында бильярд ойынынан және ежелгі спорт түрлерінің бірі садақ атудан тартысты жарыс өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сайыс ауданымызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Садақ ату жарысын аудан әкімінің орынбасары Б.Біләлов пен Атамекен ауылының әкімі М.Қалжанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Шарлар ойынының қорытынды нәтижесі бойынша 1-орынға Бағдат Жеткізгенов, 2-орынға Абзал Дастанов, 3-орынға Сәбит Шалабаев қол жеткізді. Садақ атудан жарысқа түскен Байқадам Қандыбаев 1-орынға, Дастан Мұраталиев 2-орынға, Нұрлан Уәзіров 3-орынға лайық деп танылды. Жүлдегерлер Мұнайлы ауданы әкімдігінің диплом, медальдарымен марапатталды.

Әсел ТАҢАТАРОВА