Отан қорғаушылар күні және Ұлы Отан Соғысының 71 жылдығына орай, Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылғанына ширек ғасыр 25  жыл толуына байланысты Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аудан бойынша тіркеуде тұрған, Семей ядролық полигонынан зардап шеккен 20 азаматқа куәлік табыс етті.

 — Бұл куәлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6 сәуір 2011 жылғы № 378 қаулысымен бекітілген болатын. Біздің аудан бойынша тіркеудегі 20 азамтақ аудан әкімінің биылғы сәуір айындағы қаулысы негізінде, мерекеге әрі Семей Полигонынын жабу туралы жарлыққа қол қойғанына да биыл 25 жыл толғалы отырған айтулы датаға орай осы куәлікті табыстауды жөн көрдік. Бұл куәлік сол кісілердің сол оқиға нақты қатысы барын, сол жерде болғанын дәлелдейтін құжат. Бүгін осы куәлікті табыстай отыра, бұл куәлік арқылы  ядролық сынақтарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы «Семей  ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынанзардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсанындағы Заңы негізінде жүзеге асырылатындағын жеткізгім келеді. Қосымша еңбекақы, зейнетақы, стажды есептеу бойынша жеңілдіктер алуға құқылы. Зардап шеккен аумақта тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер санаториялық сауықтыру мекемелерінде тегін (медициналық көрсеткіштер бойынша) ем алуға құқылы. Оның барлығы заң шеңберінде қарастырылып, беріледі, — дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мұратбек Досщанов.

—  Мен Курчатов  қаласында 1976-1978 жылдары әскерде болдым. Осы Форттан аттандық. Ол кездегі саясат бойынша біздің службамыз, ондағы қызметіміз туралы айтуға қатаң тиым салынған еді. Сол жерде полигондарды салдық. Осы уақытқа дейін тағайындалған жәрдемақыларын азды-көпті көмектерін алып келдік,-дейді қатер аймағында әскери борышын өтеген Жұмалы Келжанов.

Кеңес ядролық полигоны КСРО Министрлер кеңесінің шешіміміен 1947 жылы 21 тамызыда семей қаласының батыс бетінің 170 шақырымында құлаған болатын. Жыл өте алғышқы өндірістік атом реактор құрылысы аяқталса, 1949 жылдың 29 тамызында Семей поигонында ядролық қарудың ең алғашқы сынағы өтті.  Араға 4 жыл сала 1953 жылдың тамызының 12 жұлдызында термоядролық қару жарылса, 1955 жылы 22 қарашада алғашқы сутегі бомбасы жарылды. 1962 жылға дейін жер бетінде өткен сынақтар бір жылдан кейін жер астына көшірілді.  Осындай сан сынақтың зобалаңын көрген ел 1989 жылдың 19 қазанында соңғы сынақты өткерді. Алайда, ол соңғы сынақ болғанымен ғұмырлық мүгедектік пен табиғатқа келген залалы тарихтағы қаралы беттер болып қалары сөзсіз.

1991 жылдың 29 тамызында Президент Н.Ә.Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 1995 жылы соңғы ядролық құрылғы жойылды. 1996 жылдың сәуір айында қазақстаннның Ұлттық ядролық орталығы және АҚШ Қорғаныс министрлігі жанындағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі агенттік сынақтар өткізген ұңғымаларды жою туралы қол қойды.  Осы жылдан бері төрт жылдан кейін семей ядролық поигонының соңы ұңғымасы жойылды.   2006 жылы Семейде Орталық Азиядағы ядролық қауіпсіз аймақ жөніндегі келісім шарт жасалды.

 Биыл Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойылғанына ширек ғасыр 25  жыл толуына байланысты ақпан айында елбасы  Ақордада қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовты қабылдаған болатын. Онда қарусыздану және ядролық қаруды таратпау бағытындағы жұмыстар талқыланып, бейбітшіл Қазақстан елінің жоспарлы жұмыстарын халықарлық ауқымда жалғастыру мен насихаттау жайы сөз болды.

Әлемді ядролық қарусыз бейбіт келісімге үндеген еліміздің көшбасшы саясаты бейбіт күннің үндеуі екені белгілі. Жер бетінің тыныштығына тілеулес ел ретінде әлемді мойындатып ғана қоймай, Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығы жолында еңбек ету әр азамат борышы. Қатерлі жылдар ендігі тарихта қайталанбаса екен.

Милана ЕЛЕУСІНОВА

 

4 ПІКІРЛЕР

  1. Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша әскери бөліміңізден (военкомат) барып, сол жылдарда сол қалада әскерде болды деген нақтылау хатын аласыз. Сол хат және әскери билетіңізбен тұрғылықты жеріңіздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып, құжат тапсырып тізілуге болады екен. Бүгін сіз үшін арнайы барып, сұрап қайттым.

    • Мен Атырау облысы Жылыой ауданы Кульсары каласы военкаматы Семипалатинскиде 01458 аскери болиминде кызмет еткендигим туралы ешкандай малимет жок екендигин айтты.Тек,32890 аскери болиминде 26.03.1978-18.05.1978 жылдары аскери борышымды отегеним туралы малимет берди.Енди 01458 аскери болими казирги жагдайда барма?Менин сол жерде аскери борышымды отегеним туралы толык малимет керек…

  2. Мен Атырау облысы Жылыой ауданы Кульсары каласы военкаматы Семипалатинскиде 01458 аскери болиминде кызмет еткендигим туралы ешкандай малимет жок екендигин айтты.Тек,32890 аскери болиминде 26.03.1978-18.05.1978 жылдары аскери борышымды отегеним туралы малимет берди.Енди 01458 аскери болими казирги жагдайда барма?Менин сол жерде аскери борышымды отегеним туралы толык малимет керек…