Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукулов ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің құрылыс алаңында болып, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовпен кездесті.

Улугбек Розукуловтың назарына көрменің және оған іргелес орналасқан архитектуралық ансамблі ұсынылды. Делегация өкілдері осы айдың аяғында халықаралық қатысушы мемлекеттерге ұсынылатын халықаралық павильондарды аралап шықты. Бүгінгі таңда 105 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми растады.

«Құрылыстың ауқымы мен сапасы таң қалдырады. Қазірдің өзінде көрменің шын мәнінде сәтті өтетіндігіне күмән жоқ. Өз тарапымыздан, ЭКСПО-2017 аясында Самарқанд пен Бұхараға арнайы туристік турларды ұйымдастыруға дайынбыз», — деді Улугбек Розукулов.

Қазіргі таңда, шетелдік туристер үшін Қазақстанның барлық өңірін қамтитын 73 маршрут әзірленген. Келесі жылы ЭКСПО-2017 көрмесін 5 миллионнан астам келуші болады деп күтілуде.

Басқосу барысында, алдағы ынтымақтастық пен техникалық мәселелерді талқылады.

* * *

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде.

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com