Мақсат Ибағаров
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

Жаңаөзен қаласының әкімі лауазымына Мақсат Ибағаров тағайындалды, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мақсат Оңғарбайұлы 1970 жылы дүниеге келген.

Жоғары білімді, мамандығы «Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану».

Еңбек жолын 1992 жылы наурыз айында «Манғышлақмұнай» бірлестігінің «Өзенмұнай» Мұнайгаз өндіру басқармасында 4-ші дәрежелі жерасты жөндеу операторы болып бастап, осы уақытқа дейін «Өзенмұнайгаз» АҚ-да түрлі лауазымдарды атқарған.

Соңғы жұмыс орны «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары қызметі.