temeki контрабандалық темекі

Маңғыстауда шұғыл-іздестіру шарасының кезінде жалған құжаты бар 13 460 000 дана темекі тиеген жүк көлігі ұсталды. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайтына Маңғыстау облыстық полиция департаменті хабарлады.

Жедел-іздестіру шарасы 1 маусым күні өткен. Полиция қызметкерлері «DAF» жүк көлігін тоқтатып, тексеру барысында «МАС Extra filter blue» темекісін тәркілеген. Көлікке 13 460 000 дана темекі тиелген.

temeki контрабандалық темекі

«Бұл өнімді жалған құжат көрсетіп, контрабандалық жолмен алып өтпек болған. Бұл дерек Маңғыстау облысы полиция департаментінің сотқа дейінге тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 286 бабы 1 тармағымен тіркелді», — делінген хабарламада.

Мойындау жауаптары алынған. Қазір тергеу шарасы жүріп жатыр.