Ақтаулық жас шахматшы Эдгар Мамедов осыдан бір ай бұрын Шри-Ланкада өткен Азия чемпионаты мен Түркияда өткен Әлем чемпионатына қатысу үшін жолға шыққан еді. Жас шахматшы екі турнирден де жүлделі оралды. Азия чемпионатынан қола медальға ие болса, Әлем чемпионатында күміс медальды тақты, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

edgar Эдгар Мамедов

«Дебют» шахмат мектебінің хабарлауынша, жас шахматшыны өзі оқитын Ақтау қаласындағы №9 мектептің оқушылары салтанатты түрде концерттік бағдарламамен күтіп алды.

edgar Эдгар Мамедов

Айта кетелік, Шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты 17-27 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында өтті. Оған 33 мемлекеттен 392 шахматшы қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінді.

Эдгар Мамедов қатысқан «9 жасқа дейінгі ұлдар» санаты бойынша 62 шахматшы ойын ойнады. Қатысушылар саны ең көп топта бәсекеге түмкен ақтаулық өрен 7,5 ұпай жинады. Ол 7 ойында жеңіске жетіп, біреуінде теңбе-тең түсіп, біреуінде ғана қарсыласына жол беріп, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

edgar Эдгар Мамедов

Суреттер «Дебют» мектебінің парақшасынан