оқу-жаттығу

Бүгін Ақтауда әскер қатарында қызмет еткен азаматтардың қатысуымен әскери оқу-жаттығу жиыны басталды. Бұған Маңғыстаудың түкпір-түкпірінен келген 183 азамат қатысты. Әскери міндеттілер 5 жыл сайын оқу-жаттығудан өтіп, әскери шеберлігін шыңдап отыруы тиіс.

Бұдан бөлек, жыл сайын әскери қару-жарақтар, әдістер мен техника жаңарып отырады. Оларды меңгеру үшін әскерилер тұрақты жаттығу өткізіп отыруы қажет. Сол себепті бұған дейін әскери борышын өтеп келген 40 жасқа дейінгі ер-азаматтар 15 күндік әскери жаттығуларын бастады.

Әскери борышын өтеген азаматтар оқу-жаттығу жиынына  шақырылдыЕсімім Мирас. Батыр ауылының тұрғынымын. Бұған дейін Алматы облысында әскери міндетімді өтеп келдім. Отбасым бар, 2 балам бар. Қазір «Мобилсервисгруп» мекемесінде жұмыс істеймін. Әскери жаттығуға шақырылғанда қуана барамын деп шештім. Келешекте әскери қызметкер болуды қалаймын, — дейді оқу-жаттығу жиынына қатысушы Рах Мирас.

Тағы оқыңыздар: Теңіз жағалауында мерекелік фестиваль өтті

— Біз соғысатын ел емеспіз. Өз шекарамыз, өз жеріміз бар. Мемлекет болғаннан кейін, тыныштығымызды нығайту үшін Қарулы күштер әскері қай кезде де дайын болуы шарт. Елбасы, ҚР қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ҚР 561 заңының 33-тармағы, ҚР Үкіметінің  623 қаулысы, Қорғаныс Министрлігінің 288-бұйрығы бойынша «Запастағы әскери міндеттілерді әскери оқу жиынына әр 3 жыл сайын шақырылу міндеттелген. Үкімет мемлекеттік дағдарысқа қарамастан әскери күшті нығайтуға көп қаржылық қолдау білдіруде. Биыл мұндай әскери жаттығуға 120 азаматты дайындаймыз деп ойладық. Сөйтіп, бұған дейін әскери борышын өтеп келген тұрғындарға хабарластық. Көріп тұрғаныңыздай, 183 адам өз еркімен оқу-жаттығуға келісті. Қызметте жүрген азаматтар жұмыстан арнайы босатылады, еңбекақы сақталып, 15 күндік қосымша ақы төленеді. Ал жұмыссыз азаматтар дайындыққа қатысқаны үшін қажет анықтама әкелген жағдайда 26-30 мың теңге шамасында көмек алады. Запастағы әскерлерге оқу-жаттығудан соң әскери билетіне мөр соғылып, шені көтеріледі, — дейді  полковник, Маңғыстау облыстық қорғаныс жөніндегі департаментінің бірінші орынбасары, жұмылдыру басқармасының басшысы Шамшырақов Сейтек Мирасбекұлы.

Әскери борышын өтеген азаматтар оқу-жаттығу жиынына  шақырылдыСондай-ақ, Сейтек Мирасбекұлы соңғы бес жылда әскерге алынуға ниеттілер қатары көбейгенін атап өтті. «Жастардың елімізге, жерімізге деген патриоттық сезімі ұлғайған, өлке тұрғындары бұрынғыдай емес, өз қалауымен әскерге кетіп жатыр. 5 жыл бұрын мұндай көрсеткіш болмаған еді, қазір әскери борышын өз еркімен өтеуді міндет тұтатын жастар көп. Күзгі әскери шақыру мерзімі жақындады, жастар әскери билет үшін ғана бармайды, олардың Отанды қорғауға ниеті жоғары, сана-сезімі өзгерген», — деп аяқтады ол сөзін.

Айгүл ДӘДЕН

1 ПІІКІР