Бүгін облыс әкімі облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында осылай деді.

— 2017 жылдың басынан бері өңірімізге 7 млрд теңге инвестиция салынса, 21 миллиард теңге мемлекеттік салыққа аударылды. Қарапайым сөзбен айтқанда, 3 есе пайда көріп отырмыз. Облыс инвестиция тартудан Астанадан кейін 2-орында, — деді облыс әкімі.

Облыс әкімі басшылыққа келгелі бері 24 инвестор қабылдаған.

— Бұдан кейін 24 инвестордың 10%-ы жұмысын бастаса, бұл үлкен жетістік болар еді, — деген ойын айтты өңір басшысы.

Айгүл ДӘДЕН