«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері еліміздің барлық облыстық орталықтарында және қалаларында сенбілікке шықты. Маңғыстау облысы бойынша, қалаларды тазарту мен көгалдандыруға мемлекеттік корпорацияның 200 ден астам қызметкері қатысты.

«Біз жаңа құрамда жалпы қалалық сенбілікке алғаш рет қатысып отырмыз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директорының орынбасары Байжігіт Ербол – Бүгін біз тазалық жұмыстарын  Ақбота саябағында өткіздік.

Сенбілік барысында мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері көшелерді мен саябактарын тазартып, 150-ден астам көшет отырғызды, қоршау мен бордюрлерді ақтады. Бүгін барлығы да: инспекторлар, заңгерлер, экономистер және департаменттердің директорлары тең деңгейде жұмыс жасады. Өз қаласының таза болуына әрқайсысы да үлес қосқысы келді.

«Бүгін Мемлекеттік корпорацияның ауқымын алғаш рет сезіндім», – деді  «Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» департаментінің директорының орынбасары Жумабай Құтышов.

 – Әрине, мен біріккеннен кейін штат қызметкерлерінің саны көбейгенін 20 мың адам болғанын естідім, алайда дәл осылай болады деп күтпеген едім. Бүгін алдағы болашақта орасан зор жұмыс атқарғалы тұрған өзіміздің жаңа әріптестерімізбен бетпе-бет танысу мүмкіндігі болды».

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік-орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» РМҚК және  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ларды қайта ұйымдастыру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2016 жылғы                       11 сәуірде өз қызметін бастап кеткендігін еске саламыз.

Мемлекеттік корпорацияны құруға барлық бизнес-процестерді оңтайландарып, автоматтандыру негіз болды, яғни: қызмет көрсету уақытын қысқарту және құжаттар тізімін азайту. Алғашқыда «Азаматтарға арналған үкімет» 522 қызмет көрсетсе, келесі этапта 700-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетпек.