Алик Аайдарбаев

2017 жылдың 3 сәуірі күні ҚР Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Маңғыстау филиалына келіп, қызметімен танысты. Министрліктің өнеркәсіп блогының қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіретін жаңа басшы Маңғыстау филиалының ғимаратында болып, базадағы құтқару және алдын алу техникаларын көрді. Филиал директоры Байшылық Сарман кәсіпорын қызметін баяндап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен таныстырды.

IMG_2289

Алик Айдарбаев бастаған жұмыс тобының құрамында жергілікті мұнай компаниялары, бірқатар кәсіпорындар мен облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылары болды. Филиалдың қызмет барысымен танысқаннан соң қонақтар жұмыс мәжілісіне қатысты.

Маңғыстау филиалына қарасты базада 40-тан астам арнаулы техника түрі бар. Боранқұл, Жаңаөзен және Бозашы кен орындарындағы қосалқы базаларда оқыс оқиға бола қалған жағдайда қолданатын құрал-жабдық жеткілікті. Техниканың басым бөлігі жаңа, соңғы заманауи үлгідегі, қымбат бағалы. Сондай-ақ, апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында мамандарды бірнеше бағыттарда оқытып, біліктіліктерін арттыруларына бар мүмкіндік жасалуда, — деді «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Маңғыстау филиалының директоры Байшылық Сарман.
Мәжілісте авариялық-құтқару жұмыстарына келісім-шарттар жасау, қызмет көрсету және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша заңға өзгерістер мен актілер енгізу мәселелері сөз болды. Алик Айдарбаев қатысушылардың түрі сауалдарына жауап беріп, бүгінгідей жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың маңыздылығы туралы айтты.

«КӘАҚҚ» РМК Маңғыстау филиалының баспасөз қызметі

IMG_2328

IMG_2341