Қазақстанның коммунистік халық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен  соғыс  ардагерлері  мен  түрлі  этнос  өкілдеріне  арналған   мерекелік  шара  болып  өтті.  Басты  мақсат – қоғамдағы  ұлттық келісім   мен   тұрақтылықты   жария  етіп, Ұлы  Отан  соғысы  батырларының  ерліктерін  паш  ету, оларға  құрмет  көрсету.

Шараға  күннен-күнге даңқы озса да, қатары сиреген соғыс  ардагерлері, ұлттық этно-мәдени орталықтардың жетекшілері мен мемлекеттік  мекемелердің  өкілдері  қатысты.  Ерен еңбек пен өшпес ерліктің  үлгісін  көрсетіп, қантөгіс алаңынан аман келген ардақты ардагерлер  қандай  құрметке  де  лайық.

— Бұл  шынында  да  Ұлы  Жеңіс! Сіздерсіз  жеңіс  бізге  келмес  еді.  Туған елімізді   жаудан   азат  етуге  атсалысып, Отаншыл жүректеріңізбен жерімізді қорғап қалғандарыңызға мың алғыс! Ерліктеріңіз ешқашан ұмытылмайды, -деді армян этно-мәдени орталығының жеткшісі А.Курдоглян.

Мерекелік  шара  барысында ардагерлер сұрапыл жылдардың естеліктерімен бөлісті.  Ал, «Маңғыстау  әуені»  қоғамдық  қорының өнерпаздары  ән-күйден шашу шашып, құрметті қонақтардың көңілін көтерді.

Анар ШАМШАДИНОВА