Қараша айының 4 жұлдызында «Өзенмұнайгаз» АҚ зейнеткерлікке шыққан қызметкерлеріне қаламыздағы «Қазақ елі» мейрамханасында мерекелік түскі ас берді. Салтанатты шараға компания басшылығы, ұйымдастырушы ұжым мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Мұнай-газ саласы ҚР экономикасының басқа салаларының дамуына жағдай жасап отырғаны белгілі. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасымалдау, машина жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп және тағы да басқа салалар жатады. Бұл салалар өзара тығыз байланысты, өйткені өндіру және өңдеу процесстері бірін-бірі толықтырып отырады. Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан дүние жүзіндегі үздік жиырмалықтың қатарында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Ел экономикасының қозғаушы күші болып отырған осы саланың дамуына «Өзенмұнайгаз» АҚ ұжымының қосқан да, қосар да үлесі зор. Қазіргі таңда компанияда 16 құрылымдық өндірістік басқармада 9000-нан аса мұнайшы талмай еңбектенуде.
Салтанатты шараны елінің ертеңіне елеулі үлес қосқан зейнеткер мұнайшыларды құттықтау сөзімен бас директоры Дәулетжан Хасанов ашты.

%d0%b8%d0%b7%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-099

Сіздерді «Өзенмұнайгаз» АҚ басқарма мүшелерінің және ұжымның атынан құрметті еңбек демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Кәсіби адал болып, күндіз-түні жұмыс істеп, қаламыздағы мұнай өндірісін дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз, — деп бас директор тілек білдірді.

Компанияның өрлеу кезеңдерінде ашық қолтаңбаларын қалдырған, кісілік келбетіне қылау түсірмей, нағыз еңбек адамының шынайы бет-бейнесін көрсете білген 150 сала ардагері компания басшылығының Алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

[quote font=»tahoma» arrow=»yes»]

Жұмасат Аманов, зейнеткер:

1967 жылдан бері өңіріміздегі мұнай өндіру саласында 49 жыл еңбек еттім. Соның 34 жылында Бұрғылау мен №3 Мұнай-газ өндіру басқармасында операторлық қызметте болдым. Тәуелсіздік алғаннан бері жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы әлдеқайда жақсарды. Біздерге осынша көлдей көңіл бөліп, арнайы дастархан жайып шақырған басшылыққа алғысымыз зор.

[/quote]

%d0%b8%d0%b7%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-122

Қазіргі кезде Қазақстан экономикасының мұнай – газ саласынан тәуелділігі Жалпы Ұлттық Өнімнің (ЖҰӨ) 27 % және жиынтық экспорт көлемде – 56% құрайды. Мұнай-газ қызметінен салық төлемдері бюджетке төленетін төлемдердің 1/3 бөлігін құрайды. Қазақстанның мұнай – газ саласына салынатын инвестициялар көлемі жылдан жылға көбеюде. Мәселен, 2013 жылы салалық жобаларға $13 млрд инвестиция жұмсалған. Осыдан, мұнай өндіру саласы – Қазақстан Республикасындағы барлық салалардың ішінде динамикалық түрде дамып жатқан саланың бірі екенін көруге болады.

Жаңаөзен-Ақпарат