жаңаөзен

Жаңаөзен қаласына қарасты ауыл әкімдерінің бюджеті мәслихаттың кезектен тыс сессиясында қаралды.

Алдымен Қызылсай ауылының әкімі Бақытжан Ізжановқа сөз беріліп, ол 2018 жылға арналған Қызылсай ауылы бюджетінің негізгі сипаттамаларын таныстырды. Ауылдың үш жылдық бюд­жет жобасы орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің, 2018-2020 жылдарға белгіленген облыстық және республикалық бюджеттер арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемінің негізінде қалыптастырылған. Кезектен тыс сессияға қатысушылардың назарына электр желісімен жабдықтаудың ағымдағы жағдайы, ауыл тазалығын қамтамасыз ету, абаттан­дыру және көгалдандыру шығыстары баяндалды. Сондай-ақ жаңадан қосылған бағдарламалар нақтыланды.

Келесі кезекте Рахат ауылы әкімі Бақыт Нұржауов ауыл бюджеті таза кірістерінің көлемін нақтылап, салықтық және салықтық емес түсімдерді назарға ұсынды. Білім беру, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шаралары шығындары баяндалды.

Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауы­лы әкімі Үбін Максимовтың есебі тыңдалды. Санитариялық тазаланатын жерлері, асфальттанбаған көшелер жағдайы мен ауыл бюджетінің шығын көлемі баяндалды. Күн тәртібіндегі өзге де сұрақтар талқыланды.

Әсел ҚОЙШЫБАЕВА