Елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында ана мен балаға көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында аймақта акушер-гинекологтарға арналған оқыту ұйымдастырылды. Облыстық перинаталдық орталығының конференция залында өткен оқытуда  ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы акушер-гинекология бөлімінің мамандары дәріс оқыды. Оған облыстың 40 акушер-гинекологтары қатысып, тәжірибиелі мамандардан дәріс алып, білімдерін толықтырды.

акушер 1— «Майерс Ойл Қазақстан» мұнай компаниясының қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен акушер-гинекологтарға арналған шеберлік сабағы өткізілуде. Дәріс сабақтары екі аптаға жоспарланған. Алғашқы күні профессор Әли Қожахметов акушер-гинекологтарға дәріс оқып, сұрақтарына жауап беріп, қажетті мағлұматтармен таныстырды. Келесі күні Ұлттық орталықтың хирургия бөлімінің басшысы Талғат Патсаев біздің жас дәрігерлердің қатысуымен бірнеше рет онлайн түрінде ота жасап, көрсетті. Бүгінгі дәрісті облыстың кураторы Роза Мамырова қорытындылауда. Әрине, екі аптада мамандарымыз қажетті мағұлматтармен танысып, білімдерін толықтырды. Енді оны жұмыс барысында қолданатын болады,-дейді облыстық перинаталдық орталығы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жапырақ Епенова.

         Бүгінгі таңда облыстық перинаталдық орталықта 20 акушер-гинеколог еңбек етеді. Жыл басынан бері мұнда  2448 нәресте өмірге келген. Оның 55-і егіздер болса, 1-уі үшем.

Венера МИРЛАН