Көктемнің қыз-келіншектерді ерекше қуанышқа бөлейтін мерекесі қарсаңында талай кәсіпкердің үмітіне қанат бітіріп, кәсібін өркендетуге келелі кеңестерімен себеп болып отырған арулардың бірі-аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының консалтинг және жобаларды сүймелдеу бөлiмiнiң менеджерi Фариза Қоблановамен өз жұмысы төңірегінде әңгімелескен едік.

—  Фариза, өзіңіз білетіндей сіздің салада кейінгі кездері қыз-келіншектердің үлесі артып келеді. Бұл біздің нәзікжандылардың отбасын, қызметін, тіптен кәсібін де қатар алып жүретіндей жан-жақтылығын аңғартпай ма?

— Дұрыс айтасыз, әйел заты нәзік жаратылыс иесі болса да  арқалайтын міндеті жеңіл емес, нар түйеге жүк болардай. Олардың сондай  болмысына қарамастан тарихта аты қалған батыр апаларымыз, ана, әжелеріміз қаншама?! Ал бүгінгінің батыр арулары шаңырағының да, жұмысының да бабын тауып, істің көзін білген, бәрін де қатар алып жүрген қыз-келіншектер дер едім. Ондай жандар біздің ауданда баршылық. Орталығымыз ашылғанына көп болмаса да осы уақыт аралығында 160 адам кеңес алса, соның 62-ін қыз-келіншектерді құрады. Қазір оның 7-еуі несие алып, өз бизнесін жандандырып отыр. Жалпы әйел-қыздардың кәсіптегі жетістігін, батыл қадамын айта берсек көп. Қазір сондай, кәсібін ұқсата білген нәзік жандардың бірі-Жаңылсын Алдаоңғарова Батыр ауылында наубайхана ашып, ауылды ыстық, әрі арзан бағадағы нанмен қамтуда. АқсұлуАлланазарова түйе шаруашылығымен айналысып, халыққа сүт, шұбат ұсынып, кәсібін дамытуда.

  —  Жалпы, сіздерде қазір жұмыссыздықты азайту және кәсіп бастау үшін қандай бағдарламалар жұмыс жасайды?

—  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлмасы шеңберінде 2011 жылдан бастап жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту жөніндегі біршама жұмыстар іске асырылды.2017 жылдан бастап, бұл бағдарлама өзгертілген, жаңа неғұрлым ауқымды, атауы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту».Бағдарламаның мақсаты-халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.Бүгінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бар.

Бағдарламаның мақсаты мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу үшін жұмыс мынадай үш бағытта болады:Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;жаппай кәсіпкерлікті дамыту;халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Әлемдік саясатта еңбек нарығындағы проблемаларды шешу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары пайдаланылады. Олар: еңбек ресурстарын дамыту (кәсіптік даярлау және қайта даярлау), жұмыс күшіне сұранысты арттыру (жалақыны/жұмыспен қамтуды субсидиялау, қоғамдық жұмыстар), ақпараттық сүйемелдеуді қоса алғанда, еңбек нарығы институттарының қызметтерін жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Бұл экономикалық тұрғыдан нәтижелі жұмыспен қамту ықтималдығын арттыруды, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін көздесе, әлеуметтік тұрғыдан жұмыссыздықты қысқартуды, еңбек белсенділігінің өсуін және адами әлеуетті дамытуды көздейді.Сондықтан Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар белгіленген проблемаларды ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибелеріне сәйкес, еңбек ресурстарының әлеуетін арттыру және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту жолымен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы шешуге ықпал ететін болады.Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ бар), кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқуды өткізу үшін білім беру ұйымдарының тізбесін, кәсіптер, дағдылар тізбесін және білім беру ұйымдары және кәсіптер, дағдылар бойынша орындарды бөлуді облыстық деңгейдегі білім беру және халықты жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының ұсыныcы бойынша өңірлік комиссия айқындайды.

Кәсіптердің, дағдылардың тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту орталықтарымен және ӨКП-мен бірлесіп жүргізетін өңірдің еңбек нарығының қажеттілігіне талдау мен болжамды есепке ала отырып айқындалады.

«Бастау Бизнес» жобасы бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар есептеледі. Жоба бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өтетін бағдарламаға қатысушылар оқу ақысын және стипендия төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Оқу процесінде Бағдарламаға қатысушыларға кәсіпкерлікті жүргізу үшін идеялар мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдалған білім ұсынылады.

Қатысушылар кәсіпкерлікті қаржылай қолдау шаралары туралы хабардар етіледі.

—  Кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру бағытында не айтасыз?

—  Шағын несиелер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері бағдарламаға қатысушылар болып табылады. Шағын несие алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі қажет. Несие  ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда микробизнесті ашу, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту, ауыл шаруашылығы кооперативтерін ашу үшінұсынылады.

Шағынбизнесті ашу үшін шағыннесие «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады. Мерзімі 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жылға дейін. Ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі  жылдық 6 %-дан аспайды.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында қандай мемлекеттік қолдау шаралары бар?

—   Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультация беру, лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар жұмыс тәжірибесін, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.

   — Рахмет!

Сұхбаттасқан Шахида ЖҰМАН