Мұнайлы ауданында екі жыл қатарынан қолға алынып отырған «Жаңа есімдерді іздейміз» жобасының жыл басынан бері екі іріктеу кезеңі өтіп, өнерімен өзгелерден озық шыққандар бірінші турға жіберілген болатын. Жуырда сайыстың бірінші бөлімі мәресіне жетті. Одан қанша үміткер өтті?

фото жана есім

Еске сала кетсек, тұрғындар арасынан өнер әлеміне жаңа есімдерді шығаруды көздейтін жобаның бірінші іріктеуіне 54,екіншісіне 41 адам қатысып, 38-і бірінші турға өткен еді. Соның 36-сы енді осы айдың ортасына жоспарланған екінші сайыста өнер көрсетеді. Бағы жанбаған 2 үміткер жобадан шеттетілді.

— Сайыстың екінші басқышына өткен жеңімпаздар сазгерлердің сазы, ақындардың жаңа туындысы дайын болғанша мультфильм мен кинофилмьдерден саундтрек орындау тапсырмасын алды. Бұл жолғы белдесу де әдеттегідей тартысты әрі қызыққа толы болды. Өнерпаздардың талантын бағалау  осы жобаның идеалисі, режиссер, мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Гүлжанар Рафхатова,  алматылық этрада әншісі Аташ Рысбек, ақтаулық жас сазгер, әнші Асылбек Құрманов, саз өңдеуші маманымыз Серік Оразбаевқа тапсырылды. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Жұрттың балдары»,  «Сөз бен саз» бағдарламаларының жүргізушілері Сейдахмет Сейтжанов, Бердіхан Әлмен және өзім қатал сарапшылар қатарында болдық,-деді Қызылтөбе мәдениет үйінің директоры Маргарита Омарова. 

Шахида ЖҰМАН