сот

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада кісі өлтіру қылмысы 50%-ға, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 73%-ға, зорлау 63,6%-ға, есірткімен байланысты қылмыстар 12,9%-ға өскен. Статистикалық мәліметтерге сай, ішкі істер органымен 3823 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл жайында Ақтау қаласының прокуроры Марат Тойжан мәлімдеді.

-Кісі өлтіру және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстары көшеде, қоғамдық орындарда және тұрмыстық жанжал себебінен пәтерлерде орын алған. Бұл деректердің барлығы талданды. Нәтижелері ведомствоаралық жиындарда қаралды, облыстық ІІД-не аталған қылмыстардың орын алу себептерін жою туралы прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді. Қаланың 1, 2, 3, 4, 7, 22, 28а шағынаудандарында қылмыс көп тіркелген. Яғни, бұл шағынаудандар «аса қауіпті шағынаудандар» саналады. Сәйкесінше, 12, 13, 14, 27 және 28 шағынаудандарында қылмыс төмендеген. Қаламызда қылмыстық аймақтар картасы жасақталған болатын. Сол бойынша жұмыстар жүргізілуде, қауіпсіздікті күшейту жұмыстары қолға алынды,-дейді Ақтау қаласының прокуроры Марат Тойжан.

Венера МИРЛАН

Сурет ғаламтордан алынды