Кәсіптік оқыту курсынан өтуде

29 сәуір күні Түпқараған аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» үкімет тарпынан ұсынылып отырған «Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау» бағдарламасы негізінде өтіп жатқан бір апталық курстық оқу жұмысымен таныстық. Кәсіптік даярлау аталмыш мекеменің «мемлекеттік сатып алу» заңы негізінде партал арқылы курс оқытушысы «Жаңай Айтуар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт негізінде жүзеге асырылуда.

IMG_6961

Аудандық жұмыспен қамту орталығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген 60 жұмыссыз арасынан түйіндемелері мен құжаттарына талдау жасау арқылы мамандықтары жоқ, алайда жұмысқа ынталы азаматтардың 25–ін іріктеп, «Жаңай Айтуар» ЖШС оқытуымен жүк ілдіруші, матаушы (стропальщик) мамандығына тегін оқытуда. Оқу курсы еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтардың бірі — жүк ілдіруші мен жүк көтеруші  мамандықтарына оқытады. Курсты ұйымдастырушы, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырушы аудандық «жұмыспен қамту орталығы» кезінде белгілі себептермен оқуға мүмкіндігі болмаған, бір басына бір мамандыққа бір жапырақ қағаз ала алмаған оның үстіне жұмыссыз ретінде тіркеліп жұмыссыз отырған жандардан жиналған топты кәсіптік дарялау мен қайта оқыту арқылы өз жұмыстарын жеңілдетіп келеді. Себебі, осындай кәсіптік оқудан өткен азамат көбіне өздері жұмыс тауып орналасып жататындары бар дейді орталық қызметкерлері. Орталық мақсаты  да дағдарыс кезінде, жұмыссыз сандалған жанға жұмыс тауып бере алмаса да, ең құрығанда оқыту арқылы мүмкіндік беру.

Кәсіптік даярлаудан өтушілер, курс қатысушылары кәдімгі оқушылардай мектеп партасында бір апта оқып, жүк ілдіруші, матаушы мамандығының қыр–сырын меңгеріп шығады. Техникалық қауіпсіздік шаралары мен мамандық сырын меңгерген курс қатысушылары дәріс тыңдап, билет жазып, ертеңгі тапсыратын сынақ арқылы сертификат иеленеді.

-Дәл осы сертификатты талап етіп отырған жұмыс орындары жетерлік. Біз жұмыс ұысынушы мекемлер арасынан бос жұмыс орындарына қандай мамандықтар қажет екенін саралап, ауданымыз бойынша сұраныс осы мамандыққа көп болғандықтан, жүк ілдіруші мамандығын оқытуды жөн көрдік. Ең басты критерий — жұмыссыз бізде тіркеліп, оның мамандығы болмауы. Дәл осы оқыту курсы келесі аптада жүк көтеруші (погрузщик) мамандығы бойынша да оқытылады. Бізде негізінен көп сұраныста осы екі мамандық иелері, — дейді аудандық «жұмыспен қамту орталығының» маманы Салтанат Дәулетова

Кәсіптік даярлаудан өтуші - Демегенов Бақытбек
Кәсіптік даярлаудан өтуші — Демегенов Бақытбек

-Жұмыссыз ретінде тіркелгеніме 2 айға жуықтап қалды. Бізге осындай мүмкіндік беріліп, тегін оқитыныма қуанып отырмын. Осындай стропальщик мамандықтарын алу үшін біріншіден 30-40 мың теңгедей қаражатың кетеді. Екіншіден, аудан орталығында жоқ болғандықтан облыс орталығы Ақтау қаласына барып оқуымызға тура келеді. Шынымды айтсам, бұл зор мүмкіндікті пайдаланып оқып алуымыз қажет. Кәсіптік білім жоқ болғандықтан жұмысқа орналасу да өте қиын. Барған жеріңде міндетті түрде  сертификат, куәлік сұрайды. «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы тіркеліп бұл ұсынысты қуана қабылдап, оқып жатырмын. Ертең біз сынақ тапсырып,бір апта алған білімімзді қорытып, сертификатымызды аламыз. Содан кейін осы мамандықты сұрап отырған «ЕНКА» мекемесіне жұмысқа тұруға барамын, — дейді кәсіптік даярлаудан өтіп жатырған 20 жасар Демегенов Бақытбек Аманжолұлы.

Милана ЕЛЕУСІНОВА