2016 жылғы 29 қыркүйекте «Комфорт» қонақ үйінде  «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қызметкерлері еліміздің кәсіпкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.  

Ұлттық компанияның коммерциалау департаменті директорының орынбасары Илья Уразаков «ЭКСПО-2017 Көрмесінің коммерциялық сервистері» бағдарламасымен таныстырды.  

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында:   дәріханалар, төлем сервистері, ҚР бойынша турлар ұйымдастыру қызметтері, баспахана, өндірістік, жөндеу қызметтері, ұйымдастырушылық техниканы жалға беру, фото және бейне түсірілімдер, жөндеу қызметтері, автокөлікті жалға беру, аударма қызметтері,         ателье, заң қызметтері, консалтингілік қызметтер (бухгалтерлік) және т.б. сынды коммерциялық қызметтерге ықтымал орындаушыларды іздеу бойынша байқау ұйымдастыруда.

Ұлттық компанияның коммерциялау департаменті жүргізген талдау нәтижесі бойынша, бүгінгі таңда көрме шеңберінде көрсетілетін 25-30 коммерциялық сервис бар. Әрбір пункт бойынша 3-6 компанияларды іріктеу жоспарлануда. Бұл сервистерді қамтамасыз ететін қызметкерлер саны — 5-10 мыңды құрайды. Коммерциялық сервистер бойынша ЭКСПО табысы  500 мыңнан астам еуроны құрайды деп болжануда.

«Іріктеу рәсімі қарапайым және ашық. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қазірдің өзінде құжаттарды қабылдай бастайды. Алдын ала қарау және құжаттаманы талдағаннан кейін біз сіздерді комиссияға шақырамыз, онда компания өкілдері презентация жасайды. Іріктеу екі критерий бойынша жүргізіледі: бірінші – компанияны, оның жұмыс тәжірибесін бағалау және екіншісі — кәсібилігі» – деді Коммерциялау департаменті директорының орынбасары.

 Барлық қалаған тұлғалар қажетті құжаттамамен ұлттық компания сайтында жақын уақытта таныса алады.

ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта Астанада өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аса халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ келеді деп күтілуде.

* * *

Қосымша ақпарат алу үшін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Қоғаммен байланыс департаментіне хабарласыңыз, тел.: +7 (7172) 919463 e-mail: pressa@expo2017astana.com    www.expo2017astana.com