Белгілі болғандай, Астана қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің бірінде бүлдіршіндер арасында сурет байқауы өткізілуде. Байқауға қатысу үшін ата-аналарға әр қатысушы бала үшін 500 теңге көлемінде ақша төлеуді ұсынуда. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, байқау «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ бірлесе ұйымдастырылған.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Қоғаммен байланыс департаменті «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ешқандай ақылы байқау өткізбейтіндігін ресми хабарлайды.

* * *

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мақсатында 2013 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан сапарлар болады деп күтіледі.

Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 938765, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com