Қарақия аудандық атраптық почта бөлімінің бастығы Т.Еламанованың ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді. Аталмыш шараға Ж. Асанов бастаған ардагерлер кеңесінің ақсақалдары, аудан тұрғындары қатысты.

Оқырмандарды 2017 жылға газет, журналдарға жазылуға шақыру мақсатында өткен іс-шарада, аудандық, облыстық және республикалық дәрежедегі газеттер мен журналдарды тапсырып оқуда белсенділік танытуды сұрап, осы істе жұмыс атқаратын почта қызметерлерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, киелі өлкемізді кеңінен танытатын  Маңғыстау энциклопедиясын ардагерлер үйіне табыстады. Қазпочтаның тасымалдау қызметкерлеріне жұмыс бабымен пайдаланатын ұялы телефон (смартфон) тарту етілді. Бұдан соң, Қазпочта мекемесінде 1 минуты 1,5 пайыздық «Сәлем, теңге», «Юнистрим» жедел аударымдары және 1 – 2 күнде жеткізілетін «ЕМС» жедел хат бағдарламасы қатарлы қызмет түрлері көрсетілетіндігі айтылды.

Элмира ҚОШМАНОВА