Сурет сайт архивінен

Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысын тағайындады, — деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Тұрғанұлы Төкежанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.