бейнеу соты

Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастарын реттейді, сондай-ак оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілейді. отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оны құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Кодекстің 14 бабының 3, 4 тармақтарына   сәйкес, неке қиюды мемлекеттік тіркеу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Діни нормалар бойынша неке кию (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органында тіркелгенмен теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.

Жеке тұлға сотқа бала  үш жасқа  толғанға дейін  өз асырауына  алимент өндіру туралы  талап арызбен жүгіну алдында   аталған  Заң нормасын ескеру қажет, себебі Кодекстің 147, 149 баптарына сәйкес жоғарыда аталған талап арызбен неке (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органында  тіркелген  некеде тұрған ерлi-зайыптылар сотқа жүгінуге құқығы бар екенін  ескеру қажет.

Ал, басқа мәселе бойынша, яғни кәмелет жасқа  толмаған баланың  асырауына  алимент  өндіру туралы  тиісті арызбен жүгіну үшін, баланың  туу туралы куәлігінде  әкесі немесі анасы  ретінде борышкер көрсетілген жағдайда   арызбен сотқа  жүгініге құқығы бар. Бұл жағдайда   тараптар заңды некеде  тұрғандығы немесе тұрмағандығы  манызды емес.

Кодестің  34 бабына сәйкес, ерлі-зайыптылар некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген  Заң нормаларына сәйкес,   заңды некеде тұрған ерлі-зайыптылар ортақ мүлікті бөлуге құқығы бар, ал азаматтық некеде тұрған кезде алынған мүлік ортақ мүлік болып есептелмейді.

Ағымдағы жылдың  наурыз айында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен  жүзеге асырылып жатқан «Отбасылық сот»  пилоттық жобасы аясында Маңғыстау облысы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында  арнайы   «Отбасы орталығы» ашылған.  Жанұя бірлігін сақтап, ана мен бала құқығын қорғауды көздейтін орталықта бүгін күні  бітімгер судьялар отбасылық мәселемен бетпе бет келген отбасы мүшелерімен әңгімелесу өткізіледі.

Отбасымен және балалармен  жұмыс  йстейтіндіктен, отбасылық дау-жанжалдарды шешу бойынша айрықша  тәжірибесі  бар судьялар, бұл жұмысқа  психологтар,  медиаторлар мен басқа  да мамандар қатысады.

Ең бастысы, мұнда  істердің  басым бөлігін   медиативтік  рәсіммен, яғни дауласушы  тараптарды    татұластырумен  аяқталу  көзделеді.  Судья  психологпен  не жекелей  ерлі-зайыптылармен әңгімелеседі, отбасын сақтап қалу  мақсатында  бастапқы психологиялық  көмек көрсетіледі. Аталған жобаның  іске асырылуымен  келешек ажырасу   деректерінің азаярына  сенеміз.

Ақтау қаласы  №2 сотының судьясы
Анар Толықбаева