Мұсылмандар үшін біреуге қамқор болу, қайырымдылық көрсету  парыз болып саналады. Сол мақсатта «Маңғыстау-МЕДИА» ЖШС ұжымы мүжәлсіз отбасыларға көмек қолын созды.  Медиа қызметкерлері қасиетті Рамазан айы қарсаңында қаржылай ақша жинап, Ақтау қаласында тұратын 2 бірдей отбасыға  керек-жарағын алып берді.

Атап айтсақ, алғашқысы Ақтау қаласы, 29-шағын ауданының тұрғыны Нұрсұлтан Жанғабылұлына ем қабылдау үшін дәрі-дәрмек алуға қаржылай көмек берді. Сондай-ақ, 4 баласымен пәтер жалдап тұратын Гүлмира Табылғанова есімді жалғызбасты ананың үйіне азық-түлік қоржынымен бірге ақша табыстады. 

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

13563373_1070343886386928_1534242179_n

13595858_1070343896386927_989930664_n

13563385_1070343893053594_849419878_n

13563413_1070343873053596_1467897060_n

13566038_1070343876386929_911635941_n

13576345_1070343879720262_356208804_n
13595779_1070343889720261_1606460469_n