наубайхана

Кәсіпкер Берік Жонасов аудан орталығынан наубайхана ашыпнан өнімдерін дайындау ісін қолға алды.

Жұмыспен қамту орталығы арқылы іске асатын «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдар­ла­масы» аясында өз жұмысын қарқынды бастаған кәсіпкер имиджін қалыптастырып, тұтынушыларын көбейту мақсатында еңбектеніп жүр. Наубайхана нан пісіруге лайық барлық қажетті құрал-жабдық­тармен жабдықталған. Нанды пісіру пеші бір мезетте 96 нан, екіншісі 72 нан пісіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда күніне 150-170 нан пісіріп отыр. Берік Жетібайұлы ма­ман­дығы бойынша көлікжүргізуші. 5 жылдан бері ойында жүрген арманына жетіп, кәсібін дөңгелетуге мемлекеттік бағдарлама арқылы жол ашылды. Алдымен кәсіп ашудың қыр-сырын үй­ре­тетін семинарлардан өтіп, кейін «Ауылша­руа­шылықты қаржылай қолдау қоры» МФ арқылы 4 жарым миллион теңге несие алған.

— Алдағы уақытта да ұннан жасалар өзге де тәтті тағамдар пісіруді қолға алмақпын. Жұмсақ бөлке нан, рогаликимен қатар коржіктер дайындап, мектеп асханаларына, дүкен­дерге сатылымға қою жоспарымызда, — дейді Берік Жетібайұлы.

Тағы оқыңыздар: Мас болғаны үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Жыл сайын аймақта жеке шаруашылықпен айналысып, кәсіпкерлікке бет бұрыс жасайтындардың қатары артып келеді. Бұл тұрғыда, әрине, мемлекеттің қолдауы орасан зор. Мәселен, биыл Түпқараған ауданы бойынша 5 адам несие алып, өз ісін дөң­гелетіп отыр.

Жадыра ЖОЛДАСОВА