Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Әміржанов Рахымбек Маршалұлының орнына Сакеев Руслан Кенесарыұлы тағайындалды. Тағайындалған қызметі — облыс әкімінің инвестициялық саясат және индустрияландыру мәселелері бойынша орынбасары.  

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Сакеев Руслан Кенесарыұлы  1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданында  туған. Білімі — жоғары. Заңгер, қаржыгер мамандықтарының иесі. Еңбек жолын 1999 жылы мемлекеттік құқықтық пәндер бойынша оқытушы қызметінен бастап, 2002-2003 жылдары ҚР Сенатының заңдылық және құқықтық реформа жөніндегі комитетінде, 2003-2007 жылдары Қарағанды облысында Ішкі саясат, әлеуметтік саласында, ҚР Әділет министрлігінде басшылық қызметінде, Үкімет жанындағы «ҚазСат» Бас директоры, «Альянс Банк» АҚ Департамент Директоры, дүниежүзілік банктің топ басшысы, және облыс әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Нұрғазиева Бану Ғаниқызының орнына Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы тағайындалды. Тағайындалған қызметі — облыс әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарлары тағайындалды

Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы 1978 жылы  Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында туған. Білімі — жоғары. «Тарих, құқық және экономика негіздері», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде болған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ