Үшінші тамыз күні Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде «Жазғы оқу залы» шарасы өтеді. Шара қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне арнап ұйымдастырылып отыр.

Кешке шығармашылық тұлғалармен қатар қала тұрғындары шақырылған.

Айтулы кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты викторина өткізіледі. Жеңімпаздарға сый-сияпат та әзір.

Классикалық өнердің жанкүйерлері үшін ертең кешкі сағат 17:00-де Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің есігі ашық.

Толық ақпарат алу үшін +7 (7292) 43-10-31 нөміріне хабарласуға болады.