2017 жылы Маңғыстау облысы Тәуелсіздік алғалы бері бірінші рет 24-жазғы ерлер және әйелдер арасындағы өрт-құтқару спортынан Қазақстан Республикасы Чемпионатын өткізу үшін таңдалды.

Әрине бұған өңіріміздің динамикалық дамуы және әкімдік тарапынан бөлінген Маңғыстау өрт сөндірушілерінің және құтқарушыларының материалдық-техникалық базасының нығайтудағы үлкен жетістігінің арқасында.

Бүгінгі таңда өрт-құтқару спорты әлемнің 30 жетекші елдерінің дүниежүзілік деңгейіне шығып отыр.  Соның ішінде Қазақстан Республикасы жыл сайын жаңа рекорттар қойып, ең үздік бестікке кіріп отыр.

Жүйелі өткізілетін өрт-құтқару спорты чемпионаты сала мамандарының кәсіптік жетістігін білуге және нығайтуға оң әсерін тигізеді.

Сайыс ағымдағы жылдың 21-27 тамызында Ақтау қаласында өтеді.

Айта кетейік, ең соңғы рет Маңғыстау облысында өрт –құтқару спорт чемпионаты 90-жылы 1 шағын аудандағы «Труд» стадионында өткізілген.

Аккредитация сұрақтары бойынша Маңғыстау

облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 

баспасөз- қызметіне хабарласуыңызға болады.

ж.тел 8 (7292) 70-17-08, 8701 678 72 77