Амал мерекесін тойлау аясында Ақтау қаласындағы «Каспий» спорт кешенінде Тәзіке ата ұрпақтары волейболдан республикалық турнир ұйымдастырмақ. Наурыз айының 11-12 күндері өтетін турнирге Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген командалар қатысады. — дейді ұйымдастырушылар.

Адайдың баласы Құдайкеден екі бала Қосай мен Тәзіке тараған. Отпан таудың басында Наурыздың бастауы саналатын, елдіктің белгісі бірлік пен ынтымаққа жетелеген, ағайын татулығының мерекесі болған көрісу күнін алғашқы айналымда Қосай ата ұрпақтарымен бірге өткізген болатын. Өткен жылы екінші айналымда Тәзікелер Қосай ата ұрпақтарынан бірлік отын қабылдап алды. 

Естеріңізге сала кетейік,  Маңғыстау халқы салтымызға сіңген елді ауызбіршілікке, татулыққа үндейтін, алыс-жақын ағайынмен туысқандықтың тамырын бекітетін Амал мерекесімен жыл сайын тойлауды үрдіске айналдырған. Қаратаудың ең биік шоқысы Отпан тауда биыл бейбітшілік пен бірліктің отын Тәзіке ата ұрпақтары маздатады. Мәдени шараның бағдарламасын сайтымызда жариялаған болатынбыз.

7292info.kz