Алматы қаласында өткен «Ғұмырдария» атты сегізінші халықаралық, республикалық жасөспірім мен балалар арасындағы ән-би байқауынан Маңғыстау облысынан аттанған  Түпқараған аудандық үлгілі «Қызғалдақтар» бишілер ұжымының кіші және орта тобы бас жүлде, жоғарғы тобы 1 орын иеленіп олжамен оралып келе жатыр. Би өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар Гүлнәр Жолдыбаева жетекшілік ететін бұл үлгілі би тобынан Республикаға белгілі Кәмшат және Алтынай Жолдыбаевалар, бүгінде «Жорға» би тобында өнер көрсетіп жүрген Анар Қыдырбаева сынды бишілер шыққан.

Милана ЕЛЕУСІНОВА