Жаз маусымы Назаровтар отбасы үшін үлкен қуанышпен басталды. Шілде айының алғашқы аптасында Маңғыстау ауданы Шетпе кентінің тұрғындары Хамит пен Динаның отбасы екі ұл, бір қызбен толықты. Жас ана мен үшемді облыстық перинаталдық орталықтан шығарып алу рәсіміне отағасы мен ағайындары арнайы келді.    

аврпар

— Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Аман-есен қол-аяғымды бауырыма алуыма септігін тигізген алдымен Жаратқан иеме, барлық ақ халатты абзал жандарға алғысым шексіз.  Жолдасым жақтан дүниеге келген егіздер бар, алайда үшем болмағандықтан расында да мұндай жаңалықты күткен жоқпыз. Жүктіліктің төрт айлығында дәрігерлер үшемді дүниеге әкелетінімді айтқанда біраз уайымдағаным рас. Бірақ, барлығы да сәтті өтті. Енді балаларымызды иман жолымен тәрбиелеп, адал сүт емген ұрпақ етіп өсіретін боламыз. Маған балаларымды қарасуға ата-енем, үлкен ұлдарым көмектеседі деп сенемін. Облыстың жас отбасыларына да жақсы жаңалық жұғысты болсын дегім келеді!,-деген 27 жасар жас ана Дина Сұңқарлаева облыс демографиясын көтеруге болашақта әлі де ниетті екендігін айтты.

Жалпы Хамит пен Динаның отбасында Бауыржан, Омаржан, Ахметжан есімді торсықтай үш ұл жетіліп келеді. Ал, шаңыраққа үлкен қуаныш сыйлаған кішкентай сәбилердің есімдерін енді ата — анасы Ержан, Нұржан, Айжан деп атамақшы.

214120452

— Қазіргі таңда үшемнің анасының да, сәбилердің де денсаулықтары жақсы.  Үшемдер шілде айында өмірге келді. Бір айдай уақыт дәрігерлердің бақылауында болып, салмақ жинақтап, тексеруден өтті. Ең үлкенінің салмағы-2600 г, екіншісі-2400 г, үшіншісі салмағы-1250 г болып дүниеге келгендіктен, ерекше күтім керек болды. 1250 г-нан 1700 г-ға толтырып, бүгін перзентханадан шығарып жатырмыз,-дейді облыстық перинаталдық орталығы балаларды жетілдіру бөлімінің неанотолог-дәрігері Римма Рахмет.

Перзентхана дәрігерлерінің айтуынша , жыл басынан бері облыста 3600 нәресте дүниеге келген. Оның 82-сі егіздер және 2-уі үшем. Жалпы өңірдегі туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

Венера МИРЛАН
Суреттерді түсірген ТАлант ҚҰСАЙЫН