Аудан орталығы Форт-Шевченко қаласының мəдениет үйінде «Қош келдің, Рамазан!» атты иманыңды күшейтетін əдемі рухани кеш өтті.

Кешті Форт-Шевченко қалсының жаңадан сайланған әкімі Мұратбек Дощанов құттықтау сөзімен ашып, жақсы айдың артықшылықтарына тоқталып, ораза тұтқандарға ниеттерінің қабыл болуын тілесе, аудандық мешіттің имамы Опа Жүсіп барша мұсылмандардың қасиетті айында Аллаға құлшылық пен Мұхаммед пайғамбарымыздың ұстанған жолымен жүруге шақырды.

-Шын мұсылман ешқашан да кісіге жамандық жасамақ тұрмақ, жамандық ойламайды да,-деді ол өзінің мінбердегі сөзінде.

Аудандық мәдениет үйінің жыл сайынға Рамазан айында ұйымдастырып жүрген шарасында міндетті түрде тағлымдық, тәрбиелік мәні зор көріністі Ақкетік жастары әртістік шеберліктен бұрын сезіммен жеткізеді. Мәдениет үйі жанынан Амантай Мұқанов жетешілігімен жұмыс жасап отырған драма ұжымының әртістерінің бәрі бірдей кәсіпқой әртіс емес. Олардың дені жергілікті жастар.

Сахналық қойылымда мүгедек қыздың рөлін сомдаған мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің маманы Гүлфара Бекшеева көзінен жасын төгіп,тілек тілегенде көрермендердің де көзіне жас әкеліп, жүректерін жылатты.

Мүгедек қызының тағдыры тауқыметін тартқызған әке рөлін сомдаған Архат Бисембаевсыз ауданда мәдени шара өткен емес. Әнші де, әртіс те, жүргізуші де Архатты жас жігіттің де қарияның да бейнесімен қойылымдардың басты рөлдерінен көрмесек іздеп отырамыз.

Аудан жастарын жақсы істерде жетектеп жүрген Наурызбек Мағдатов осы уақытқа дейін көшбасшы болып үлгерді. Аудандық мәдениетте қызмет етіп жүріп, білім алып, ұйым құрып, тынымсыз тірлік жасап жүрген бұл жігерлі жасқа қарап сүйсінесің.

Қуанышбек Сабановтың мешіт тазалаушысы рөліндегі иманға бай бейнесі көріністегі тауқыметті тағдыр иесі мүгедек қыздың әкесін ғана иманға шақырып қоймай, көрермендердің де иманын күшейтіп, Аллаға сенімін нығайтты десем артық айтқаным емес. Әсіресе, Алланың көркем есімдерін атай отыра тілек тілеуді бірімізі білсек, біріміз білмейтініміз рас.

Кеш барысында өлең оқыған Есбол Өмірбаев мектебінің оқушысы Айгүл Жүсіп көпке уақыттың қадірін ұқтырды.

Осындай шараларға қарай отыра, жастарды жастар тәрбиелеп жатырғанына қуанасың. Қатарына қарап бой түзейтін шақта жасатрдың иманы жиғаны болып, жанындағыларды жақсылыққа ұйыта жүрсе деген ниеттен басқа тілек жоқ бізде.

Кеш соңында мəдениет үйі ұжымы ауызашар ұйымдастырып, ас берді. Келген көпшілік аудандық кітапхана ұйымдастырған «Дін — тәрбие діңгегі» атты кітап көрмесінен кітаптармен танысты.

Милана Елеусінова
Суретті түсірген автор

Түпқараған жастары

Түпқарағанда «Қош келдің, Рамазан!»  атты кеш өтті

Түпқарағанда «Қош келдің, Рамазан!»  атты кеш өтті

Түпқарағанда «Қош келдің, Рамазан!»  атты кеш өтті

Түпқарағанда «Қош келдің, Рамазан!»  атты кеш өтті

Түпқарағанда «Қош келдің, Рамазан!»  атты кеш өтті

Түпқарағанда «Қош келдің, Рамазан!»  атты кеш өтті

Түпқарағанда «Қош келдің, Рамазан!»  атты кеш өтті

IMG_0152

 

1 ПІІКІР