Бүгін аудан орталығында алғаш рет аудан жастарының «Жастардың жолы-нұрлы болашақ» атты өңірлік форумы өтті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында ұйымдастарылатын іс-шаралардың бірі ретінде өткізіліп отырған форум үш кезеңді қамтиды.Алғаш өтіп отырған өңірлік жастар форумына аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмагүл Ордабаева, «Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы» директордың міндетін атқарушы Ерғали Анесов, «НұрОтан» партиясы Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Демеген Садықов қатысты.

Форум бағдарламасына сай күн тәртібіне қойылып отырған мәселелер бойынша алғаш сөз алған «Аудандық жастар ресурстық орталығы» директоры Гүлшат Бултенова I жарты жылдықтағы атқарған жұмыстары туралы тоқталды.

«Жұмыспен қамту» орталығының маманы Жанар Қощанова жұмысқа ораналсушы жастардың үлесі мен оларға қатысты мемлекеттік бағдарламалар туралы түсінік берсе, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Наурызбек Мағдатов қоғамдық ұйым арқылы жастармен жұмысты үйлестірудегі тәжірибесімен бөлісті.М.Горький мектеп-лицейінің тәрбие жұмысының орынбасары Өркен Жұмақұлов өзінің жастармен атқарған жұмыстарының жетістігін айтып, олармен атқарған көңілді тапқырлар клубының жұмысымен таныстырды.Аудандық мешіттің найб имамы Мырза Мұхаммедюсуфұлы жастарды өзге ағымдар жетегінде адаспай, иманын күшейтіп, жастық жалынды дұрыс пайдалануға ниет етуге шақырды.

Форум соңында мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастарды жұмыспен қамту сияқты мәселелер талқыланып, облыстық форумға делегаттар тізімі анықталды.

Сонымен қатар, форумда аудандық шараларға қатысып, өздерін жоғары деңгейде көрсете білген белсенді жастарымызды аудан әкімінің алғыс хатымен «НұрОтан» партиясы Түпқараған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Демеген Садықов марапаттады.

Қорытынды сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алмагүл Ордабаева жастарды бар саладан да көргісі келетінін айтса, «Аудандық жастар ресурстық орталығы» директоры Гүлшат Бултенова өндірістік мекемелер мен ірі компанияларда қызмет ететін жастарды да қоғам өміріне белесене араласуға шақыруды қолға алу мен ол бағытта облыс арқылы ортақ ереже жасақтауды ұсыныс етіп жолдады.

Форум қатысушылары форум соңында өзара пікір алмасып, естелік суретке түсіп тарасты.

Милана ЕЛЕУСІНОВА
Суретті түсірген автор

Түпқарағандық жастар өңірлік форумда

IMG_0060

Түпқарағандық жастар өңірлік форумда

Түпқарағандық жастар өңірлік форумда

IMG_0108

IMG_0097