«Қазақтеңізкөлікфлоты» биылғы жылдың алғашқы жартысында тасымалданған мұнай көлемін 3 096 000 тоннаға жеткізді.

Бұл туралы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.

Нақтырақ айтсақ, тасымалданған мұнай мына бағыттар бойынша бөлінеді:

— Актау-Баку — 182 000 тонна;

— Актау-Махачкала – 154 000 тонна;

— месторождение им. Юрия Корчагина-Баку 591 000 тонна;

— Туркменстан порты – Баку 116 000 тонна.

Бұдан бөлек Қара теңіз бен Жерорта теңізіне шығарылған мұнай көлемі 2 053 000 тоннаны құрады.

Сондай-ақ, осы жылдың екінші жартысында үш дана итергіш-сүйреуіштің (буксир) құрылысы  басталады. Ол 2018 жылдың соңына қарай аяқталады деп жоспарланған.