Биыл әдеттегідей Маңғыстау халқы Отпан таудың басына жиналады. Көрісу күні қарсаңында өтетін жаңа бағдарламамен таныс болыңыздар.

Маңғыстау халқы салтымызға сіңген елді ауызбіршілікке, татулыққа үндейтін, алыс-жақын ағайынмен туысқандықтың тамырын бекітетін Амал мерекесімен жыл сайын Отпан таудың басында қауышады. Қаратаудың ең биік шоқысында биыл бейбітшілік пен бірліктің отын Тәзіке ата ұрпақтары маздатады.

Адайдың баласы Құдайкеден екі бала Қосай мен Тәзіке тараған. Отпан таудың басында Наурыздың бастауы саналатын, елдіктің белгісі бірлік пен ынтымаққа жетелеген, ағайын татулығының мерекесі болған көрісу күнін алғашқы айналымда Қосай ата ұрпақтарымен бірге өткізген болатын. Өткен жылы екінші айналымда Тәзікелер Қосай ата ұрпақтарынан бірлік отын қабылдап алды.

багдарлама