Түпқараған ауданының «НұрОтан» ғимаратында  27 ақпан күні  Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  ҮЕҰ-ға  арналған семинар өтті. Семинарға, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының  саяси партияларымен  және ҮЕҰ-мен  жұмыс бөлімінің  басшысы И.Н. Ідірейс және ауданымызда жұмыс жасап келе жатырған үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының  саяси партияларымен және ҮЕҰ-мен  жұмыс бөлімінің  басшысы И.Н. Ідірейс үшінші сектор болып табылатын үкіметтік емес ұйымдармен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсынуы,  деректер қорына мәліметтерді еңгізу тәртібі және әдістері туралы ақпарат берді. Семинарға қатысқан үкіметтік емес ұйымдар өздерінің сұрақтарын қойып, ҮЕҰ Базасының деректер қорына Дін істері және азаматтық қоғам минмистрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті атына 1 наурызға дейін пошта арқылы өз ұйымдары туралы мәлеміттерді ұсына алса, одан кешігіп қалғандар 1 наурыздан бастап ҮЕҰ-ның мәлеметтерді Дерекқордың интернет порталы арқылы жіберуге болатынын түсіндірді. Соынмен қатар, бұл базаның үкіметтік емес ұйымдар үшін мемелекеттік әлеуеметтік тапсырыс байқауларына түсу кезіндегі артықшылықтары түсіндірілді. 

Милана ЕЛЕУСІНОВА