Өткен аптада Түпқараған аудандық Мәдениет және спорт бөлімі мен Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен еңбек ардагерлері арасында спорттың бірнеше түрінен жарыстар басталды. Алдымен бильярдтан турнир өтті. Алты адам қатысқан турнирдің жеңімпазы болып Тоғаев Қамбар танылды. Бақыт Досжанов пен Боранбай Ақмергенов жақсы ойындарымен көрінді.

-Алда тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы құсаған спорт түрінен жарыстар өтеді. Бұл турнирлердің жеңімпаздары облыстық біріншілікке қатысады, -дейді аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманғали Күзембаев.

Биыл аудандық Ардагерлер кеңесінің құрылғанына 30 жыл толады екен. Осы датаға және кеңестің алғашқы төрағасы болған Диханбек Сәтімовты еске алуға орайластырып бірқатар шара жоспарланып отырғанға ұқсайды. Сонымен қатар зейнетке шыққан үлкен кісілердің қоғамдық өмірге белсене қатысуына ықпал ететін жұмыстар жоспарланып, іске аса бастады дейді Аманғали Күзембаев.

Айсағали ҚЫДЫР