Бүгін ғана Елбасының Жолдауын «Егемен Қазақстан» газетінің  сайтынан оқып, таныстым. Биылғы Жолдау бұрынғы Жолдаулардан  айырмашылығы көп екен. Әсіресе көлік логистикалық, сондай ақ инновациялық даму, жаңа технологиялардың өндіріске енуі тағысын тағылар. Міне осының барлығы біздер жастар үшін тың идея, жаңа бастамалар болып отыр.

Өз басым жастар саясатын дамыту ісінде  он жылдан астам уақыттан бері  айналысып келемін. Өткен жылы ел Тәуелсздігінің25 жылдығы, алдыңғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды айтулы тарихи сәттерді бастан өткердік. Биылғы жылы «ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесін көңілдегідей өткізуді қолға алып отырмыз. Елбасы да биылғы Жолдауында осы көрмеге кеңінен тоқталып өтіп «Бұл көрмені Қазақ елінде өткізу біз үшін зор табыс, биік мәртебе»  деді.

Ия, расымен де үлкен жауапкершілік пен әлем алдындағы абыройға ие болатын   бұл шараның әрқайсымыз үшін мәні терең, маңыздылығы басым. Жолдауда Елбасымыз: «Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу- өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.» деп нақты әрі дұрыс шешім шығарды. Өзім жастармен жиі жүздесіп,тұрақты пікірлесіп отырғандықтан Елбасының бұл жаңалығы олар үшін зор қолдау болды. Өйткені нарықтық заманда баланың оқуына қаражат таба алмай қиналып жүрген отбасылар үшін бұл демеу болды.

Әсіресе  Елбасының Жолдауындағы мына жолдар көкейіме қонып, кеудеме қуаныш ұялатты. «Қазақстан – жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр. Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте. Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!»

Лайым да солай болсын.

Аллаберген  ҚОНАРБАЕВ,  Аудандық жастар

 ресурстық орталығының директоры